“ЖОЛЫҢ БОЛСЫН, ЖАС ТҮЛЕК!” атты аттестат тапсыру салтанаты — білім өлкесіндегі маңызды кезеңнің қорытындысы ғана емес, сонымен бірге үлкен өмірге бастар алғашқы қадам.
Отырар ауданының білім бөліміне қарасты “М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-нің қабырғасынан түлеп ұшқалы тұрған шәкірттеріміздің бұл қуанышты күні – барша ұстаздар мен ата-аналар үшін де ерекше сәт!
Биыл мектепті 9-сынып бойынша 38 оқушы аяқтап, олардың ішінен 5 оқушы “Үздік аттестат” иегері атанды.
Ал 11-сыныпты 30 оқушы тәмамдап, 2 түлек “Алтын белгі” төсбелгісін иеленді.
Бұл – қажырлы еңбек пен табандылықтың, ұстаздар мен ата-аналардың өлшеусіз қолдауының жемісі.
Әрбір жетістік – білім мен тәрбиеге деген шынайы ынта-жігердің, армандарға ұмтылудың айғағы.
Алда – өмір жолының жаңа парағы, тың бастамалар мен асқақ армандар тұр.
Сенім мен үмітке толы осы сәтте түлектерімізге ақ жол, сәттілік, жарқын болашақ тілейміз!
Жолдарың ашық, армандарың асқақ болсын, жас түлектер!