Тіліңізді таңдаңыз

М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
Мектепішілік олимпиада

Мектепішілік олимпиада

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАНЫҢ МЕКТЕПІШІЛІК КЕЗЕҢІ ӨТТІ

«М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2026 жылғы 11 қыркүйек күні аудандық білім бөлімінің 2026 жылғы 8 қыркүйектегі №205 хатына сәйкес 9–11 сынып оқушылары арасында Республикалық пәндік олимпиаданың мектепішілік кезеңі өткізілді.

Олимпиаданың ұйымдастырылуы мен өтуіне жауапты мамандар ретінде пән мұғалімдері және директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Оспанов Дәулет бекітілді.

Олимпиада барысында оқушылардың білім деңгейін анықтауға және пәндер бойынша қабілеттерін саралауға бағытталған тапсырмалар берілді. Оқушылардың жұмысты белгіленген талаптарға сәйкес орындауы қамтамасыз етілді.

Олимпиаданың өту тәртібін бақылау мақсатында екі кабинетке екі кезекші бекітіліп, қауіпсіздік және академиялық адалдық талаптарының сақталуы қадағаланды.

Мектепішілік кезең бекітілген ережелер мен талаптарға сәйкес ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді.

Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз! 🌟
Білім бәйгесінде биіктерден көрініп, аудандық кезеңде мектебіміздің мерейін үстем етулеріңізге тілектеспіз! 📖✨

#БіртұтасТәрбие
#АдалАзамат
#ПәндікОлимпиада
#МектепішілікКезең
#МШахановМектебі