“М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-де 2026 жылдың 4 қыркүйек күні 8-сынып оқушыларының қатысуымен «Тіл — халықтың жаны» атты тақырыпта танымдық іс-шара болып өтті. Тілдің адамзат өміріндегі, ұлттық мәдениет пен руханияттағы орнын ұғындыруды көздеген бұл кешті мектебіміздің білікті ұстаздары: қазақ тілі пәнінің мұғалімі-А. Жапабаева, орыс тілі пәнінің мұғалімі- А. Әлім және шет тілі пәнінің мұғалімі-Қ. Асқар арнайы ұйымдастырды.
Іс-шара барысында оқушылар үш тілде өлеңдер оқып, тіл туралы мақал-мәтелдер асылын ортаға салды. Үш пән мұғалімдерінің бірлесе отырып дайындаған іс-шара оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, өзге тілдерді құрметтеп, жан-жақты білім алуға деген ынтасын шыңдай түсті. Мерекелік жиын оқушылардың белсенді қатысуымен, көтеріңкі көңіл-күй мен ерекше әсерде өтті.





