М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Жетістігімді еліме арнаймын» челленджі

«Жетістігімді еліме арнаймын» челленджі

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мектепте патриоттық бағытта ұйымдастырылған «Жетістігімді еліме арнаймын» челленджі өтті. Бұл шараға 450 оқушы мен 80 ұлағатты ұстаздар және 30 ардагер ұстаз қатысып, мерекелік рухты асқақтата түсті.

Челлендж аясында қатысушылар ұлы Отанымызға деген құрметтерін ән мен шығармашылық арқылы білдірді. Іс-шараның ең әсерлі сәті – барлық қатысушының бірге орындаған «Атамекен» әні болды. Қадыр Мырзалиевтің сөзіне жазылған, Ескендір Хасанғалиевтің жүректерді тербейтін бұл туындысы шараның маңызын арттырып, ерекше әсер сыйлады.

Шара барысында оқушылар өз жетістіктері мен армандарын ел болашағына арнайтынын айтып, ал ардагер ұстаздар Тәуелсіздік жолындағы елдің жетістіктерін мақтан тұтатынын жеткізді. Әрбір қатысушы Отанға деген сүйіспеншілікті әнмен, сөзбен, жүректен шыққан ниетпен білдірді.

Бұл челлендж жас ұрпақ пен ұстаздар қауымының ел болашағына деген зор сенімін, отансүйгіштік қасиетін айқын көрсеткен әсерлі іс-шара болды.

Тәуелсіздік – бізге берілген баға жетпес байлық! Әр жетістігіміз туған елімізге арналады!https://www.facebook.com/100085444825794/videos/1521925211825077/