М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
ЖЕЛТОҚСАН-БІРЛІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚ АЙЫ Апта дәйек сөзі: “Ынтымақ жүрген жерде ырыс бірге жүреді”

ЖЕЛТОҚСАН-БІРЛІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚ АЙЫ Апта дәйек сөзі: “Ынтымақ жүрген жерде ырыс бірге жүреді”

ЖЕЛТОҚСАН-БІРЛІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚ АЙЫ

Апта дәйек сөзі: “Ынтымақ жүрген жерде ырыс бірге жүреді”

#БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ

“М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-де бүгін 3 “Ә” сыныбының жетекшісі Жұмабекова Патима апайдың ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік-тұғырым» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Бұл іс-шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылып, оқушылардың елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға, тәуелсіздік тарихын тереңірек түсінуге бағытталды. Тәрбие сағаты барысында балалар Желтоқсан оқиғасының маңыздылығымен танысып, еліміздің егемендікке жету жолындағы күрестер туралы мәлімет алды.

Сынып сағатында оқушылар патриоттық өлеңдер оқып, Тәуелсіздікке арналған әндер айтты. Сонымен қатар, шағын сахналық қойылымдар арқылы еліміздің азаттыққа жету тарихынан көрініс көрсетті. Іс-шара соңында балалардың бойында ұлттық рух пен патриоттық сезім қалыптастыру мақсатында ой бөлісу сәті ұйымдастырылып, тәрбие сағаты қорытындыланды.

“Тәуелсіздік – біздің мәңгілік тұғырымыз!” атты ұранмен өткен бұл тәрбие сағаты оқушылар мен қатысушылардың көңілінен шығып, олардың жүрегінде үлкен әсер қалдырды.

 

https://www.facebook.com/100085444825794/videos/590242596820234/  

 

https://www.facebook.com/100085444825794/videos/1644317549769347/

https://www.facebook.com/100085444825794/videos/503407558752518/