ЖЕЛТОҚСАН-БІРЛІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚ АЙЫ
Апта дәйек сөзі: "ЫНТЫМАҚ ЖҮРГЕН ЖЕРДЕ ЫРЫС БІРГЕ ЖҮРЕДІ"
"СЫНЫП САҒАТЫ
“М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-де бүгін «5» А сыныбының жетекшісі Ботабекова Балнұр апайдың ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік-тұғырым» атты ашық тәрбие сағаты өтілді. Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, еркіндігін аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу. Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, Желтоқсан құрбандарын есте сақтау. Өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, патриоттық сезімдерін ояту.
https://www.facebook.com/100085444825794/videos/562977119996884/