М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Желідегі қауіпсіздік» челленджі Отырар ауданының білім бөлімінің 2025 жылғы 13 қазандағы №25/6554 хатына сәйкес, «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының бастамасымен ұйымдастырылған «Желідегі қауіпсіздік» челленджіне

«Желідегі қауіпсіздік» челленджі

Отырар ауданының білім бөлімінің 2025 жылғы 13 қазандағы №25/6554 хатына сәйкес, «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының бастамасымен ұйымдастырылған «Желідегі қауіпсіздік» челленджіне “М. Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 7-сынып оқушылары белсене қатысты.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың интернет кеңістігінде және күнделікті өмірде қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ оқушылар арасындағы достық, сенім мен өзара адами құндылықтарды дамыту болып табылады.

Челлендж барысында оқушылар желідегі қауіпсіздік ережелерімен танысып, әлеуметтік желілерде өз ой-пікірлерін бөлісіп, ақпараттық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған түрлі бейнероликтер мен посттар жариялады.

https://www.facebook.com/share/v/1CFpMunfJG/