“ЖАСТАР НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ” АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Ел болашағы - жастардың бойында отансүйгіштік пен еңбекке деген құрметті қалыптастыру, адамгершіліктің асыл қасиеттерін сіңіру, ұлттық құндылықтарды дамытудың маңызы артып келеді.
Бүгін, Түркістан облысының білім басқармасының «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен №32 жалпы білім беретін мектебінде облыс оқушылары арасында «Жастар-нашақорлыққа қарсы» байқауы өткізілді.
Игі шарада Түркістан облысы білім басқармасының тәрбие бөлімінің басшысы Босымбаев Дәурен Әбдікәрімұлы мен Түркістан облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция майоры Бимаханов Марат Асылханұлы жас жеткіншектерге қоғамның басты дерті туралы айтып, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Іс-шараның негізгі мақсаты - нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында жастар арасында есірткі таратуға қарсы күреске ықпалын тигізу,есірткі құралдарымен есірткі притондарын жою, қоғамдағы басты зобалаңмен күресу, салауатты өмір салтын қолдау .
Байқауға 17 ауданнан жалпы 170 оқушы қатысты. Алғашқы кезеңде оқушылар топтық жүрісте “Нашақорлыққа қарсымыз” деген ойларын арнайы плакаттар мен суреттерге бейнелеген. Осы тақырыпта эссе жазып, бейнероликтерін таныстырды. Салауатты өмір салтын насихаттап, түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылды.
Қазылар алқасы шешімі негізінде, әр номинация бойынша қатысушылар жүлделі орындармен марапатталып, жетекшілерге “Алғыс хат” табысталды.
https://www.facebook.com/100085444825794/videos/1265319404544600/