М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

ЖАСӨСПІРІМ" ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.Ибрагимов күн тәртібіндегі «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша колледж білім алушыларына ақпара

ЖАСӨСПІРІМ" ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ

ІС-ШАРАСЫ

Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.Ибрагимов күн тәртібіндегі «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша колледж білім алушыларына ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізуге келген қызметкерлерді таныстырып өтті.

2. Тыңдалды: Отырар АПБ-і, КПБ-нің жедел уәкілі, полиция капитаны Ө.Әбзейтов қазіргі таңда жастар арасында, әсіресе кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі жөнінде мектептерге, колледждерге, жалпы оқу орындарына барып, профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізілетіндігін айтты. Оның ішінде кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі сағат 22:00-де ойын сауықтар мекемелерінде отыруы, сондай ақ түнгі сағат 23:00-ден кейін көшеде жүруге болмайды. Түнде жүрген кезде бірінші ескерту беріледі, сосын айыппұл салынады, егерде осы аталғандар орындалмаған жағдайда есепке алынады. Есепке алу кезінде де балалардың үйіне 3-4 рет барып тексеру жұмыстарын жүргіземіз. Қазіргі таңда кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында болып жатқан қылмыс түрлері: зорлық-зомбылық көрсету, ұялы телефондарды және басқа да заттарды ұрлау, басқаларға әлімжетік көрсету туралы айтты.

АІІБ-нің, ЖПҚ-і ЮПТ-ның инспекторы, полиция капитаны Д. Ерденова жасы кәмелетке толмағандарға қатысты ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің баптары және оларға қатысты жауапкершілік туралы айтып өтті. Атап айтқанда:

ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 1-бөлімімен / Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта сағат 22.00-ден таңғы 06-ға дейін ойын-сауық мекемесінде болғаны үшін!

-ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 1,2-бөлімімен /Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта сағат 23.00-ден таңғы 06-ға дейін тұрғын жайдан тыс жерлерде болғаны үшін жауапқа тартылатындығын баса түсіндірді.

#біртұтас_тәрбие

Показать перевод

Все реакции:

21Алпысбай Ибрагимов и ещё 20