Тіліңізді таңдаңыз

М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
ЖАЛПЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

ЖАЛПЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

«М.ШАХАНОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП» КММ
«ЖАЛПЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ»

2026 жылғы 4 қыркүйек күні мектебімізде ата-аналардың қатысуымен жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.

Жиналыстың басты мақсаты – ата-ана мен мектеп арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, оқушылардың сапалы білім алуына және тәрбиесіне қолайлы жағдай қалыптастыру, бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ата-аналардың жауапкершілігін арттыру.

Жиын барысында жаңа 2026–2027 оқу жылындағы мектептің негізгі міндеттері мен оқу-тәрбие жұмысының бағыттары таныстырылды. Сонымен қатар мектеп формасын сақтау, ішкі тәртіп ережелері, оқушылардың сабаққа қатысуы, қауіпсіздік талаптары, құқық бұзушылықтың алдын алу, интернет қауіпсіздігі және бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі мәселелері талқыланды.

Ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мектеп әкімшілігі тарапынан қажетті ақпараттар мен түсіндірмелер алды.

🤝 Мектеп пен ата-ана ынтымақтастығы – бала болашағының берік негізі!

🌿 Бала тәрбиесі – ортақ жауапкершілік!
🌿 Бірге жұмыс істеп, бірге нәтиже көрсетейік!

#БіртұтасТәрбие
#АдалАзамат
#ЖалпыАтаАаналарЖиналысы
#МектепАтаАна