М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
ЫМБАТТЫ, ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРИЯЛАР!  Сіздерді 1-қазан Халықаралық  ,,Қарттар күні" мерекесімен құттықтаймын!

ЫМБАТТЫ, ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРИЯЛАР! Сіздерді 1-қазан Халықаралық ,,Қарттар күні" мерекесімен құттықтаймын!

ҚЫМБАТТЫ, ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРИЯЛАР!

Сіздерді 1-қазан Халықаралық

,,Қарттар күні" мерекесімен құттықтаймын!

Халқымыз әрқашан қариясын қадірлеп, ,,Қариясы бардың - қазынасы бар " деп дәріптеген.

Бүгінде еліміздің әр шаңырағында аталарымыз бен әжелеріміз немере-шөберелерінің ортасында төрде отырғаны - үлкен қуаныш әрі тағылымды дәстүрдің жалғасы. Біле білсек, қария - Алатаудай өрісті,Қаратаудай кенішті салиқалы ғұмыр иесі. Ардақты аға буынның тәжірибесі мен өнегелі өмір жолы біз үшін сарқылмас қазына. Сіздердің әрбір игі істеріңіз- кейінгі ұрпаққа бағыт-бағдар, үлгі-өнеге ғана емес, кешегі күн мен бүгін арасының - алтын көпірі, алтын арқауы.

Ардақты, аталар мен апалар, мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге: отбасылық ынтымақ,ұзақ ғұмыр, берекелі күндер мен салауатты ұрпақ жалғастығын тілеймін! Шаңырақтарыңыз шаттық пен қуанышқа кенелсін!

Құрметпен,

М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп директоры Нұрдәулет Бейсенбайұлы