Тиімділікке бастар жол
Мектепті тиімді басқарудағы іс- әрекеттегі зерттеулер – білім беру жүйесін дамытуға бағытталған, мұғалімдердің кәсіби қызметін жақсартуға және оқу үдерісінің тиімділігін арттыруға арналған ғылыми- зерттеу тәсілі. Мұндай зерттеулер мектеп басқарушыларына және мұғалімдерге оқыту мен оқу жағдайларын талдап, осы жағдайлардан нәтиже алу үшін нақты шаралар қабылдауға мүмкіндік берген.
Басқару іс- әрекетінде мектеп әкімшілігінің ролі маңызды, себебі, ол оқу үдерісінің ұйымдастырылуы, білім сапасының мониторингі,тәрбие жұмыстарының жүргізілуі, мұғалімдер мен оқушылардың психологиялық ахуалына көңіл бөлу мәселерімен айналысады. Сол себепті үнемі ізденіс үстінде жүру әрбір басшының күнделікті жұмысы .
Түркістан облысы білім беруді дамыту орталығының 2025 жылғы 19 наурызлағы № 446 хатын орындау мақсатында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Шымкент қаласы Педагогикалық шеберлік орталығының «Мектеп командасы: тиімді басқару және білім сапасы» тақырыбындағы курсқа М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектептен мектеп әкімшілігі бойынша : мектеп директоры Н.Баубеков, директордың бейімді ісі жөніндегі орынбасары Д.Оспанов, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Ибрагимов 26.03.- 03.04.2025жыл аралығында курс оқуға барып, өз біліктіліктерін шыңдап келді. Курс оқып келген мектеп әкімшілігі 7 сәуір күні өздерінің оқып , ойға түйіп зерттеп келген білімдерін тәжірибелік кезеңде дөңгелек стол өткізу барысында ұжымға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ұжым бойынша 6 командаға бөлініп, тақырыптар берілді.
Бірінші команда: «Білім беруді жақсартуға көмектесетін мектеп командасын құру» ( Атамұра мен Аламан бірлестігі бойынша )
Екінші команда: Команда құру: команда құру кезеңдері және оның түрлері («Зерде»бірлестігі)
Үшінші : Командағы рөлдер ( оқу ісі жөніндегі орынбасары, мен тіл мамандары)
Төртінші: Командадағы әлеуметтік ролдер «Парасат» бірлестігі
Бесінші : Ұйымды басқарудың ситуациялық тәсілдемесі тақырыбында «Жас мамандар» бірлестігі қорғап шықты
Алтыншы: Геймификация тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдері қорғап шықты.
Әр топ өз тақырыптарын талдау , түсіндіру барысында слайд, постер түрінде өткізіп, практика жүзінде де шеберліктерін көрсете білді.
Тақырып бойынша қорғап шығу барысында мұғалімдер белсенділіктерін көрсете біліп, алдағы уақытта осы бағытта жұмыс жасауға шақырды.