М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

ТЕАТР - РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІНІҢ БАСТАУЫ 2025 жылдың 18 сәуірі күні Түркістан музыкалық драма театрында Ақиық ақын-Мұхтар Шахановтың ,,Танакөз" поэмасы негізінде мелодрама қойылымы сахналанды.

ТЕАТР - РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІНІҢ БАСТАУЫ

2025 жылдың 18 сәуірі күні Түркістан музыкалық драма театрында Ақиық ақын-Мұхтар Шахановтың ,,Танакөз" поэмасы негізінде мелодрама қойылымы сахналанды. Қойылымға Отырар аудандық білім бөліміне қарасты ,,М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп" ұжымы мен дарынды шәкірттері және мектеп директоры Н.Б.Баубеков бастаған әкімшілік құрамы ақынға деген құрметтерін көрсетіп, М.Шахановпен кездесу ұйымдастырылды және де шәкірттер мен ұстаздардың орындауында ақын шығармалары оқылды. Атап айтар болсақ:Слан Гүлайна , Қаратай Мұхаммедәли, Бейсен Ерсұлтан, Дүйсенбай Кәусар - өз орындауларының көрермені болған ақынның ерекше ілтипатына бөленді. Сонымен қатар, осы күні ең кішкентай көрермен болып барған Әлихан Бағланұлының Мұхтар атасының қатысуымен тұсаукесер рәсімі өткізіліп, өмір жолына ақынның жүректен шыққан ақ батасы айтылды.

Ұжым көрермендеріне Ақиық ақын ,,Мұхтар Шаханов мектеп ұжымына аталық үлкен құрметпен" деп өз қолымен қолтаңбаланған авторлық кітабын сыйға тарту етті. Ақын М.Шахановтың қатысуымен 19:00-де ,,Танакөз" қойылымы өз көрермендеріне ұсынылды. Поэманың негізгі арқауы болған достық пен махаббат сюжеті көрермендер көкейіне рухани азық, телегей тәрбие нәрі болары сөзсіз. Шығарма мазмұны: майдан даласында қан кешкен екі әкенің адал достығының ұлдарына сабақтасатындығымен жалғасын тауып, қос перзент те аналарының батасымен ер жетіп, өз өмір жолдарында Танакөздей арумен ,,тар жол тайғақ кешу" махаббат майданында сынға түсіп, сол сыннан сүрінбей өтіп, Танакөз таңдауын қабыл алып, әкелерінен бастау алған достық туын жықпай, шынайы жалғастырады. Иә, шығарма ,,махаббат пен достық" майданы композициясында шарықтай, шиеленісіп, баянды да бақытты қорытындыланады. Бұл ақын стилистикасының лирикалық шыңы десек қателеспеген болар едік.https://www.facebook.com/share/v/15ub498LH1/