Біз бәрімізге ортақ қасиетті жерімізді таза, көркем және экологиялық таза күйде сақтау үшін жауаптымыз. Қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарау – тек табиғатқа ғана емес, өзіміздің болашағымызға да қамқорлық жасау деген сөз.
Сіздерді “Таза Қазақстан” акциясына белсенді түрде қатысуға шақырамыз!
- Қалдықтарды жинауға және сұрыптауға қатысыңыз.
- Табиғатты қорғау шараларына атсалысыңыз.
- Жасыл аумақтарды көбейтуге үлес қосыңыз.
- Табиғатты аялауға өзгелерді де шақырыңыз.
Таза табиғат – таза қоғамның негізі. Бүгін жасаған іс-әрекетіміз ертеңгі күннің жарқын болашағы үшін маңызды. Бірге болайық, табиғатты бірге қорғайық!
Таза Қазақстан – баршамыздың ортақ ісіміз!
https://www.facebook.com/100085444825794/videos/1313499476487299/