“ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” – ТАЗАЛЫҚҚА ҮЛЕСІМІЗ!
2025 жылдың 15 наурызы күні “М. Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп”
КММ-де экологиялық мәдениетті қалыптастыру және патриоттық тәрбие беру мақсатында “Таза Қазақстан” акциясы жалғасын тапты.
Мектеп ұжымы туған жеріміздің тазалығына атсалысып, мектеп ауласында және ішкі аумақтарда сенбілік ұйымдастырды. Бұл игі шара таза орта – жарқын болашақ қағидасын ұстана отырып, оқушыларға үлгі болу, табиғатты аялау және қоршаған ортаны күтіп ұстау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
“Таза Қазақстан” – әр азаматтың ортақ міндеті!
Табиғатты аялауға бірге атсалысайық!