М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Табиғатқа жанашырлық — жүректен басталады! Адам мен табиғат – біртұтас әлемнің ажырамас бөлігі. Бүгінгі күні экологиялық сауаттылық пен табиғатқа деген жанашырлық — әрбір саналы азаматтың борышына айналғаны анық. Осы бағытта біздің мектебіміздің жас өрен

Табиғатқа жанашырлық — жүректен басталады!

Адам мен табиғат – біртұтас әлемнің ажырамас бөлігі. Бүгінгі күні экологиялық сауаттылық пен табиғатқа деген жанашырлық — әрбір саналы азаматтың борышына айналғаны анық. Осы бағытта біздің мектебіміздің жас өрендері де аянбай еңбек етіп келеді.

“М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-нің 7-сынып оқушылары:
Шерехан Дария, Дүйсенбай Маржан, Досан Ақтоты, Шереәлі Айкүміс
және жетекшісі Ұлдана Турабаева
«Проэко» жобасы аясында өздерінің терең білімдерін, табиғатқа деген шынайы жанашырлықтарын, ізденімпаздықтары мен табандылықтарын жоғары деңгейде көрсете білді.

Нәтижесінде:
Аудандық кезеңде — I орын,
Облыстық кезеңде — III орын иеленіп, үлкен жетістікке қол жеткізді.

Жас экологтарымыз өз жобаларын сәтті қорғап, табиғатты қорғау жолында үлкен жауапкершілік танытты. Бұл — тек білім мен ізденістің ғана емес, жүректен шыққан шынайы қамқорлық пен жанашырлықтың жемісі.

Болашағымыздың жарқын кепілі – табиғатқа деген құрмет пен қамқорлық екенін ұғынған жас буынға алғысымыз шексіз!
Олардың бұл жетістігі – мектебіміздің мерейі мен мақтанышы!