Құрметті: Әріптестер, оқушылар және ата-аналар!
Тәуелсіздігіміздің көк туын желбіреткен егемендігіміздің елдігін танытар төл мерекеміз құтты болсын!
Қаншама ғасырлар бойы бабаларымыз осы егемен жолында құрбан болып, қан төкті.Бұл күнге, сол бабаларымыз жол салған ізбенен қол жеткіздік. Тәуелсіздік ақ таңына да міне 33 жыл толып отыр. Осы аралықта Қазақ елі қаншама белестерден,асулардан өтті. Алты құрлыққа есімі танымал Қазақстан Республикасы - Евразияның кіндігі ғана емес, бейбітшілік мекені деп атауға болады. Осы орайда,ұлттық құндылығымен ұрпақтар сабақтастығын жалғап келе жатқан Тәуелсіздігіміз - әр шаңыраққа қуаныш пен деннің саулығын, амандық пен баянды бақ-берекелі күндер және де салауатты ұрпақ өміршеңдігін ала енсін дегім келеді. Еліміздің елдігі мәңгілік жасасын! Бірлікте,татулықта болайық.
Ізгі ниетпен: ,,М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры БАУБЕКОВ Нұрдәулет Бейсенбайұлы