М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Түркістан облысы, Отырар ауданы «М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ «АДАЛ АЗАМАТ» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 2025 жылғы 1 қазан күні 8–11-сынып оқушыларымен құқықтық тәрбиеге бағытталған жиын өткізілді.

Түркістан облысы, Отырар ауданы

«М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ

«АДАЛ АЗАМАТ» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 2025 жылғы 1 қазан күні 8–11-сынып оқушыларымен құқықтық тәрбиеге бағытталған жиын өткізілді.

Жиынға Отырар АПБ ЖПҚ ЮПТ-ның полиция лейтенанты Н.Төлеген және Отырар АІІБ КПБ Ж/У полиция капитаны Р.Әсетілла арнайы шақырылып, оқушылармен кездесу өткізді. Кездесу барысында құқық қорғау органдарының өкілдері «Жасөспірімдер арасындағы қауіпсіздік, құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу, нашақорлық, лудомания, буллинг (зорлық-зомбылықтың түрлері), сондай-ақ мопед, скутер сияқты көлік құралдарын пайдалану кезіндегі сақтық шаралары» тақырыбында түсіндіру әңгімесін жүргізді.

Сонымен қатар, оқушыларға қоғамдық орындардағы тәртіп сақтау, ата-ана мен мұғалімнің рұқсатынсыз түнгі уақытта көшеде жүрмеу, кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі жөнінде нақты деректер келтіріліп, құқықтық кеңестер берілді. Полиция қызметкерлері оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Мектеп директоры Н.Баубеков сөз сөйлеп, оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу, салауатты өмір салтын ұстану, білім алуға ұмтылу және елдің жарқын болашағы үшін адал азамат болып тәрбиеленудің қажеттігін түсіндірді.

Жиын соңында оқушылар құқық қорғау қызметкерлерінің айтқан кеңестерін тыңдап, құқықтық сауаттылық пен жеке жауапкершілік – әрбір жасөспірім үшін ең басты міндет екенін түйіндеді.