Түркістан облысы. Отырар ауданы
«М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ 13 мамыр күні Отырар АПБ-і қызметкерлері қатысуымен жиналыс болып өтті. Жиын барысында Отырар АПБ-і, ЖПҚ-нің ЮПТ инспекторы, полиция капитаны Д.Ерденова, Отырар ауданының №9 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы азаматтық қорғау майоры Нұржан Нұрболат Нұржанұлы қатысып кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылық пен олардың арасындағы құқық бұзушылық пен ерте жүктілік, оқушылардың әлеуметтік желілер арқылы жат ағымдардың арнайы сайттарына кірмеуінің алдын алу, демалыс кезіндегі оқушылардың су, өрт, жол қауіпсіздігінің алдын алу, суицид, зорлық-зомбылық іс-әрекеті және алдағы соңғы қоңырау мерекесі уақытында автокөлік шеруіне, кешкі мезгілде ата-анасыз көшеде жүмеу керектігі туралы түсіндіру жұмысы жүргізілді.