М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Түркістан облысы Білім беруді дамыту орталығының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес “Педагогикалық дуэт – 2025” байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты – педагог-тәлімгерлер мен жас мамандар (еңбек өтілі 5 жылға дейін) арасында кәсіби дамуға, өз

Түркістан облысы Білім беруді дамыту орталығының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес “Педагогикалық дуэт – 2025” байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты – педагог-тәлімгерлер мен жас мамандар (еңбек өтілі 5 жылға дейін) арасында кәсіби дамуға, өзін-өзі жетілдіруге және әлеуметтік шығармашылықтың дамуына қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ білім беру жүйесін дамытуға жас мамандардың қосар үлесін айқындау және ұстаз мәртебесін арттыру.

Аталған байқаудың аудандық кезеңі 2025 жылдың 20 наурызында А.Байтанаев атындағы жалпы білім беретін негізгі орта мектеп базасында өткізілді. Бұл кезеңге “М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі Жұмабек Патима Бегабатқызы мен жас маман Егембердиева Гүлбаршын Алғибайқызы қатысып, жүлделі І орынды иеленді. Осылайша, олар облыстық кезеңге жолдама алды.

Облыстық кезең 2025 жылдың 26 наурызында Түркістан облысындағы №32 мектеп базасында өткізілді. Бұл кезеңде де тәлімгер мен жас маман жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі ІІІ орынды иеленді.https://www.facebook.com/share/v/1YSC8tGB2g/

https://www.facebook.com/share/v/16ZFdvnw1C/