М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

ҰСТАЗДЫҚ ҚҰТТЫҚТАУ челленджі Білім ордасында ерекше ықыласпен аталып өткен мерекелік құттықтауда мектеп директоры Нұрдәулет Бейсенбайұлы сынып жетекшілері: Озықбай Қалбибі Жүсіпжанқызы, Мырзаш Лаура Уәлиханқызы және Әлімбаев Ғабит Әлімбайұлымен арнайы қы

 

 

ҰСТАЗДЫҚ ҚҰТТЫҚТАУ челленджі

Білім ордасында ерекше ықыласпен аталып өткен мерекелік құттықтауда мектеп директоры Нұрдәулет Бейсенбайұлы сынып жетекшілері: Озықбай Қалбибі Жүсіпжанқызы, Мырзаш Лаура Уәлиханқызы және Әлімбаев Ғабит Әлімбайұлымен арнайы қызметтік сәттерінде жүздесіп, ыстық лебізін арнап, сый-сияпаттарын табыстады.

,,Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы» деген халық даналығын мысалға алған Нұрдәулет Бейсенбайұлы өзінің де ұстаздық жолында үлгі тұтар, бағыт-бағдаршамы болған ұлағатты жандармен бір ұжымда қызмет етіп жүргенін зор бақытқа балады. Ол ұстаздық қызметтің мәнін ашып, «Ұстаз – қашанда адам тұлғасының қалыбы» екенін ерекше атап өтті.

Шын мәнінде, ұстаз – шәкірт жүрегіне ізгілік пен білімнің дәнін себуші, адамгершіліктің шамшырағы. «Бір жылы сөз – жан азығы, бір жақсы ұстаз – ғұмыр азығы» дегендей, ұлағатты ұстаздың тәлімі әр шәкірттің өмір жолына сәуле шашары анық.

Бұл игі бастама – жас мамандарға да үлгі. Себебі, ұстаздық – жай мамандық емес, ол адам жанының бағбаны болу деген сөз. Осындай ұстаздарға құрмет көрсетіп, шәкірттің ғана емес, бүкіл қоғамның алғысына бөлену – ең үлкен марапат

https://www.facebook.com/100085444825794/videos/809456255353542/