М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Шебер" әдіс бірлестігінің игі ісі “М. Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-нің "Шебер" әдіс бірлестігінің айлық жоспары аясында мектеп ауласында игі іс атқарылды. Шеберхана меңгерушісі Жамалов Жасұлан ағайдың бастамасымен 9 "Ә" сынып оқушыла

"Шебер" әдіс бірлестігінің игі ісі

“М. Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-нің "Шебер" әдіс бірлестігінің айлық жоспары аясында мектеп ауласында игі іс атқарылды. Шеберхана меңгерушісі Жамалов Жасұлан ағайдың бастамасымен 9 "Ә" сынып оқушылары бау-бақшаға ағаш отырғызып, табиғатты көгалдандыруға өз үлестерін қосты. Сонымен қатар, оқушылар құстарға ұя жасап, оларды талдарға ілді.

Бұл тек экологиялық іс-шара ғана емес, табиғатқа жанашырлықтың, еңбекке баулудың керемет үлгісі болды. Жасұлан ағай – нағыз еңбексүйгіш, іскер жан! Ол әрдайым оқушыларды пайдалы іске жұмылдырып, өз білімі мен тәжірибесін үйретуден жалықпайды.

Сондай-ақ, мектебіміздің оқу ісі жөніндегі орынбасары

Н. Дүйсенбаевта бұл бастаманы қолдап, оқушылармен бірге ағаш отырғызып, жас ұрпаққа үлгі көрсетті. "Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей" демекші, мұндай бастамалар балаларды табиғатты аялауға, ұқыптылық пен еңбексүйгіштікке тәрбиелейді.

Жас ұрпақтың бойына жақсылық дәнін сеуіп жүрген ұстаздарымызға алғысымыз шексіз! Осындай игі істер көбейе берсін!

#біртұтас тәрбиеhttps://www.facebook.com/share/v/1ABDKwL3nC/