«Шабыт" және «Лингвист» тіл бірлестігінің ұйымдастыруымен 2025 жылғы 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл – достықтың кепілі» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, көпұлтты Қазақстан халқының татулығы мен бірлігін нығайту, оқушылардың тілге деген құрметін арттыру және халықтар достығын дәріптеу болды. Іс-шара барысында қатысушылар қазақ тілінің тарихы мен маңызына тоқталып, көпұлтты елдегі тілдік әралуандықты насихаттайтын ақын өлеңдерін жатқа оқыды. Іс-шараға қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі мамандары Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін жатқа айтып, қатысушыларға рухани серпіліс сыйлады. Қатысушылар тілдің ұлттар мен ұрпақтарды біріктіретін басты құндылық екендігін тағы бір мәрте айқын сезінді. «Шабыт» тіл бірлестігі мен «Лингвист» бірлестігінің ұйымдастырған іс-шарасы өз жалғасын тауып, мемлекеттік тілдің мерейін асыруға және халықтар достығын насихаттауға үлесімізді қосамыз. Бұл тағылымды кеш – тілдердің тоғысқан тұсында туыстық пен татулықтың туын биікке көтерген рухани мереке ретінде есте қалды.