Шаңырақтың шаттығы – татулықта!
“М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-де 17 наурыз күні «Шаңырақ күні» аясында «Аналар мектебі» ұйымдастырылды. Бұл шараның мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, ананың қоғамдағы маңызын көрсету және ұлттық тәрбие мен өнегелі өмір салтын насихаттау.
Іс-шара барысында отбасылық татулық, өзара түсіністік және ұлттық дәстүрлердің маңызы талқыланып, ана мен бала арасындағы байланысты нығайтуға ерекше көңіл бөлінді. Шаңырақ күніне арналған бұл бастама мектептің тәрбиелік жұмысын жаңа деңгейге көтеріп, қоғамдағы ұлттық құндылықтарды нығайтуға өз үлесін қосты.https://www.facebook.com/share/v/16R9mE7xk8/