М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Әсерлі өткен семинар!

Әсерлі өткен семинар!

Облыстық білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығының» 2024 жылғы 22 қарашадағы №1223 хатына сәйкес, Отырар ауданының білім бөлімінің жұмыс жоспарын іске асыру мақсатында, 2024 жылдың 29 қараша күні сағат 09.00-де М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында «Білім беру мазмұны мен сынып сағаттары арқылы құндылықтарды дарыту процесін жетілдіру» тақырыбында аудандық семинар өткізілді.

Мақсаты: Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту

Семинарға Облыстық білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» «Тәрбие және әлеуметтік педагогика» кафедрасының меңгерушісі Примбетова Шарипа Құдайбергенқызы, «Тәрбие және әлеуметтік педагогика» кафедрасының әдіскері Басқараева Рапия Тухтабайқызы, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Семинар бекітілген бағдарламаға сәйкес жүргізіліп, өте әсерлі өтті. Семинарға Ө.Жәнібеков атындағы лицей-интернатының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.Жақашева, Жамбыл атындағы мектеп-лицейінің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары М.Ахмет, Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.Алтынбекова мен Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектептің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.Бимбетовтер баяндама жасап, әріптестерімен тәжірибе алмасты.

Семинар соңында «Білім беруді дамыту орталығы» «Тәрбие және әлеуметтік педагогика» кафедрасының меңгерушісі Примбетова Шарипа Құдайбергенқызы, «Тәрбие және әлеуметтік педагогика» кафедрасының әдіскері Басқараева Рапия Тухтабайқызы, аудандық білім бөлімінің әдіскері Арын Ахметжан Әлиұлы ұсыныс пікірлері айтылып, қорытындылар шығарылып, шешімдер қабылданды.

https://www.facebook.com/100085444825794/videos/590385083439355/