Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен Наурыз мерекесін кеңінен атап өту мақсатында арнайы он күндік жоспар жасалды. Осы жоспар аясында 14 наурыз – Көрісу күні “М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-де ерекше көңіл күймен аталып өтті.
Бұл күн – халықты бірлік пен татулыққа үндейтін, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетілетін мейірімді мереке. Оқушылар мен ұстаздар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, көрісу дәстүрін жаңғыртты. Шара барысында ұлттық салт-дәстүрлер насихатталып, мерекелік көңіл-күй сыйлайтын іс-шаралар ұйымдастырылды.
Көрісу күні – ізгілік пен ынтымақтың белгісі. Осындай игі дәстүрлерді дәріптеу – ұлттық құндылықтарымызды сақтап, келер ұрпаққа аманат ету жолындағы маңызды қадам.
#біртұтас_тәрбиеhttps://www.facebook.com/share/v/1ALeoSwZUP/