Отырар ауданының 90 жылдық мерейтойында ,,ОТЫРАР АУДАНЫНА 90 ЖЫЛ" төсбелгісімен зейнеткер-ұстаз Құрманбекова Шарапат апайымыз марапатталды. Ұзақ жылдар бойы М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебінде мектеп директоры қызметін абыроймен атқарған ұстаз әрі ағартушы, кемел тұлғалы Шарапат апайымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Сізге отбасылық амандық пен бақ-береке, зор денсаулық тілей отырып,ұзақ жылдар бойы еткен ізгілікті еңбек жолыңыз шәкірт пен ел игілігіне қызмет етіп, әрдайым құрмет пен марапаттау төрінен көріне берсін дейміз.





