ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНДЕГІ ҚҰНДЫЛЫҚТАР — БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ МІНДЕТ
2025 жылдың 15 мамыр күні «М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-де
«Отбасы тәрбиесіндегі құндылықтар: өзектілігі және шешу жолдары» атты ата-аналар жиналысы өткізілді.
Күн тәртібіндегі мәселелер:
1. 2024–2025 оқу жылының аяқталуы және келесі оқу жылының мақсат-міндеттері туралы мектеп директоры Н. Баубеков баяндама жасап, жыл бойы атқарылған жұмыстарға тоқталып, ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру жолындағы алдағы жоспарлармен бөлісті.
2. «Сенімді қарым-қатынас — бақытты балалық шақтың кепілі» тақырыбында мектеп психологы А. Маханова бейнероликтер арқылы мазмұнды баяндама жасап, ата-аналармен ашық пікір алмасты.
3. «Отбасы тәрбиесіндегі құндылықтар: өзектілігі және шешу жолдары» тақырыбында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Ибрагимов баяндама жасап, бала тәрбиесіндегі отбасылық құндылықтардың маңызын нақты мысалдармен түсіндірді.
4. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің нұсқаулығына сәйкес, «Білімім – Отаныма» бітіруші түлектердің қорытынды іс-шарасын ұйымдастыру,
жазғы демалыс кезіндегі бала қауіпсіздігі мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Ибрагимов жүргізді.
Мекенжайсыз суға түсу, өрт қауіпсіздігі, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық, зиянды әрекеттер мен интернетке тәуелділіктің алдын алу, мектеп формасы мен ішкі тәртіп ережелері жайлы бейнероликтер мен слайдтар арқылы ата-аналарға ақпарат берілді.
Отырар ауданында суға шомылуға рұқсат етілген арнайы орындардың жоқтығы ескертіліп, жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлу керектігі айтылды.
Жиналыс соңында мектеп директоры Н. Баубеков жиынды қорытындылап, ата-аналарға алғыс білдірді.