М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР Тақырыбы: «Үйірме жұмысы – оқушы шығармашылығын дамытудың тиімді құралы»

ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР

Тақырыбы: «Үйірме жұмысы – оқушы шығармашылығын дамытудың тиімді құралы»

Семинардың мақсаты – үйірме жұмысы арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудағы тиімді әдістер мен тәжірибелерді талқылау.

Семинар 2025 жылдың 17 қазан күні «М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ базасында Отырар аудандық бәлім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес өткізілді. Семинар барысында мектеп директоры Баубеков Нұрдаулет Бейсенбайұлы қатысушыларды қарсы алып, бағдарлама барысымен таныстырды.

Сонымен қатар, Облыстық білім беруді дамыту орталығының әдіскері Б.Б. Қаймолдаева мен Аудандық білім бөлімінің әдіскері Арын Ахметжан сөз сөйлеп, семинардың маңыздылығына тоқталып, алдағы атқарылатын жұмыс жоспарларымен бөлісті.

💡 Семинар барысында:

  • Отырар ауданының 90 жылдығына арналған көрме ұйымдастырылып, қатысушылар назарына ұсынылды.
  • Үйірме жетекшілері мен мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісіп, шеберлік сабақтар өткізді.

📸 Көрме мен тәжірибе алмасу сабақтары қатысушылар тарапынан жоғары бағаға ие болды.

Семинар білім саласындағы үздік тәжірибелерді таратуға және шығармашылық әлеуетті арттыруға бағытталды.

https://www.facebook.com/share/v/1Dhue7Wzkh/