"НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ"
Түркістан облысы Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 12.03.2025 жылы күні Отырар АПБ ЖПҚ ЮПТ полиция капитаны Ерденова Динара мен Отырар АПБ ЖПҚ ОТЗЗҚКТ инспекторы полиция аға лейтенанты А.Жақсылық және мектеп директоры Н,Баубеков пен мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Ибрагимов қатысуымен 8-9-10-11 сынып оқушыларына "Нашақорлыққа жол жоқ" тақырыбында жиын өткізді. Жиын барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, аутодеструктивті мінез-құлықтың, зорлық-зомбылықтың, буллинг, кибербуллинг,лудомания, нашақорлықтың алдын алу және интернет алаяқтықтың зияны туралы маңызды тақырыптар талқыланды.
Нашақорлық – қоғамның қасіреті, жастардың болашағына балта шабатын қауіпті дерт. Ол адам денсаулығына орны толмас зиян келтіріп, өмірін құрдымға жібереді. Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз, зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырамыз!