Міне, елдік пен руханияттың жарқын үлгісі! Отырар аудандық мәслихат депутаты Құртаев Әділжан Сейітжанұлы туған жеріне деген шынайы сүйіспеншілігін көрсетіп 23 сәуір – Ұлттық кітапхана күніне орай, өзі білім алған қасиетті қарашаңырақ — М.Шаханов атындағы мектепке арнайы келіп, кітап тарту етті. Бұл — жас ұрпақтың білімге деген құштарлығын арттыруға бағытталған игі бастама.
Кітап – рухтың азығы. Осы күні мектеп кітапханасы тағы бір құнды жәдігермен толықты. Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Жарылқасын Нұсқабайұлының «Өртенген өлеңдер» атты терең мазмұнды, шынайы сырға толы жинағы тарту етілді. Бұл — жас оқырмандарға шабыт сыйлап, олардың бойында ұлттық рух пен әдебиетке деген құрметті оятатыны сөзсіз.
Осындай рухани қолдауы мен жанашырлығы үшін Құртаев Әділжан Сейітжанұлына алғыс білдіреміз. Туған мектеппен байланысын үзбей, келешек ұрпақтың жарқын болашағына үлес қосып жүрген азаматтарымыз көп болғай!https://www.facebook.com/share/v/1DDvTv6jG3/