«МЕНІҢ МЕКТЕБІМ – БУЛЛИНГКЕ ҚАРСЫ!» ФЛЕШМОБ
2 қазан күні «М. Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-де «Менің мектебім – буллингке қарсы!» атты флешмоб мектеп ауласында ұйымдастырылып өтті.
Мектепішілік флешмоб аясында барлық сыныптарда челлендждер өткізіліп, оқушылар арасында өзара сыйластық, достық және бір-біріне қолдау көрсету мәдениетін қалыптастыруға бағытталған түрлі іс-әрекеттер жүргізілді.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылар мен жасөспірімдер зорлық-зомбылықтың алдын алу, достық қарым-қатынас орнату, балалар құқығын қорғау бағытында маңызды мәліметтер алды.





