«Менің әкем — менің мақтанышым» атты аймақтық эссе байқауы
Әр адамның жүрегінде ерекше орын алатын тұлға — әке. Әке — отбасының тірегі, баланың қорғаны, өмірдің алғашқы және ең үлкен ұстазы. Осы ұлы ұғымды дәріптеп, әке бейнесінің отбасындағы рөлін, бала тәрбиесіндегі орнын кеңінен насихаттау мақсатында жерлес ақын, ұстаз Маржан Есжанованың бастамасымен жыл сайын дәстүрлі түрде «Менің әкем — менің мақтанышым» атты аймақтық эссе байқауы ұйымдастырылады.
2025 жылдың 26 сәуір күні С.Құртаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп базасында аталмыш байқау кең ауқымда өткізілді. Шараға ауданның әр түкпірінен 6-сынып оқушылары қатысып, өздерінің жүрек түбінен шыққан әсерлі эсселері арқылы әкеге деген махаббаттарын, құрметтері мен алғыстарын әсерлі жеткізе білді.
Байқау нәтижесі бойынша:
Бас жүлде иегерлері:
– Оралбай Аяна
– Айтбай Медет
І орын иегерлері:
– Қаратай Мұхаммедәли
– Кудретулла Нұрайша
– Нұртаза Аяулым
ІІ орын иегерлері:
– Ізбасар Мадина
– Дүйсенбиева Айшат
– Бейсенбай Айзере
– Еркінбай Кәусар
Ынталандыру сыйлығы иегерлері:
– Дүйсенбай Маржан
– Төлеген Жасмин
– Төлен Зарина
– Оралбай Аяла
– Көпжасар Інжу
Барлық жүлдегерлер заттай сыйлықтармен және арнайы дипломдармен марапатталды. Байқау балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға, отбасы құндылықтарын құрметтеуге және әкеге деген ерекше ілтипатты сөз арқылы жеткізуге үлкен мүмкіндік берді.
Мұндай мазмұнды шаралар жас ұрпақты тәрбиелеуде маңызы зор, әрі тағылымы мол істердің бірі екені анық.