М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Мейірімділік пен игі істер» тақырыбындағы тәрбие сағаты 2025 жылғы 18 сәуірде “М. Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-нің 6 "А" сыныбында «Мейірімділік пен игі істер» атты тәрбиелік шара өткізілді. Шараның мақсаты – оқушылардың бойына адамг

«Мейірімділік пен игі істер» тақырыбындағы тәрбие сағаты

2025 жылғы 18 сәуірде “М. Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-нің 6 "А" сыныбында «Мейірімділік пен игі істер» атты тәрбиелік шара өткізілді. Шараның мақсаты – оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерін дарыту, бір-біріне қол ұшын соза білуге баулу, жүректерінде мейірімділік отын маздату.

Тәрбие сағаты барысында оқушылар мейірімділік, қайырымдылық және адамгершілік құндылықтары жайлы терең ойларымен бөлісті. Олар жақсылық жасаудың маңызын түсініп, жүректен шыққан жылы сөз бен ізгі істердің қоғамға тигізер шексіз пайдасы туралы әсерлі пікірлер айтты.

«Мен сіздерді жақсы көремін, анашым» деген жүрекжарды сөзді айтуға кейде ұялып, жасқанатын сәттеріміз де болады. Алайда осы бір қасиетті сөздің қадірін түсініп, жақындарымызға жиі айтуды ұмытпайық. Себебі жылы сөз – жүрекке шипа, көңілге медеу.

Жақсылық жасау — жүректен!

Сынып жетекшісі: Айнақұл Қарашаш Мейрамбайқызыhttps://www.facebook.com/share/v/169VEGpKaN/