М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Мейірімділік пен игі істер" тақырыбында 18.04.25жыл “М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-нің 7"А" сыныбында мейірімділік,қайырымдылық және адамгершілік құндылықтарды дәріптейтін тәрбиелік шара ұйымдастырылды.Оқушылар жақсылық жасаудың маңы

"Мейірімділік пен игі істер" тақырыбында 18.04.25жыл “М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-нің 7"А" сыныбында мейірімділік,қайырымдылық және адамгершілік құндылықтарды дәріптейтін тәрбиелік шара ұйымдастырылды.Оқушылар жақсылық жасаудың маңызын түсініп,жүректен шыққан жылы сөз бен игі істердің қоғамға тигізер пайдасы жайында ой бөлісті.

Тәрбие сағатының мақсаты: Жастардың бойына адамгершілік қасиеттерін сіңіру,бір-біріне қол ұшын соза білуді үйрету,жүректе мейірімділік отын маздату.

Сынып оқушылары мейірімді болудың нақты мысалдарын келтіре отырып,мақал-мәтелдермен ,нақыл сөздермен әсерлі жеткізе білді.

Жақсылық жасау-жүректен!

Сынып жетекшісі: А.Касымбекова