М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

**Мейірім мен құрметке толы мереке** Бүгін М. Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектепте 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай жүрекке жылу сыйлар игі шара өтті. Мектебіміздің директоры **Н. Баубеков**, қосымша білім беру педагогы **Н. Бейсенова*

**Мейірім мен құрметке толы мереке**

Бүгін М. Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектепте 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай жүрекке жылу сыйлар игі шара өтті. Мектебіміздің директоры **Н. Баубеков**, қосымша білім беру педагогы **Н. Бейсенова**, үйірме жетекшілері **Қ. Айнақұл** мен **Ж. Бейсеева** ұйымдасып, білім ордамыздың дамуына үлкен үлес қосып жүрген кіші қызметкерлерімізді арнайы құттықтады.

Қай кезде де еңбегі еленуге лайық жандарға зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларына амандық тілейміз! Ал үйірме оқушылары өз қолдарымен жасаған ерекше сыйлықтарын табыстап, оларға деген құрметтері мен алғыстарын білдірді.

Осындай іс- шаралар мектеп ұжымындағы бірлік пен сыйластықты арттырып, мейірім мен ризашылықтың нағыз үлгісін көрсетеді. Барша аналар мен аруларды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтаймыз!

**Әлемнің бар жақсысы – әйел жүрегінің мейірімінен тарайды!**https://www.facebook.com/share/v/187XUGkNGi/