МАҢЫЗДЫ ХАБАРЛАМА!!!
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР, ӘРІПТЕСТЕР!
“М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесі
“8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні” мерекесіне орай сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ата-аналардан, ұстаздардан және оқушылардан қандай да бір материалдық сыйлықтарға немесе ақша жинауға қатаң тыйым салынған.
Маңызды ескертулер:
Мұғалімдерге сыйлық беру міндетті емес.
Ұстаз үшін ең үлкен құрмет – оқушылардың білімге деген құштарлығы, тәрбиесі мен жетістіктері.
Шынайы алғыс – ең құнды сый.
Ұстаздар үшін ең үлкен марапат – оқушылардың жетістіктері, ата-аналардың шынайы алғысы мен қолдауы.
Жылы сөз, алғыс хат – нағыз құрмет белгісі.
Жас ұрпаққа дұрыс үлгі көрсету.
Білім беру мекемесі – балаларға адалдық пен әділдіктің үлгісін көрсетуі тиіс.
Мұғалімге сыйлық беруді қалыпты дәстүр ретінде қарастыру – болашақ ұрпақтың санасына қате түсінік қалыптастыруы мүмкін.
Мектеп тәртібін сақтау – баршамызға ортақ жауапкершілік.
Осы талаптарды сақтау – сапалы білім мен әділ қоғам қалыптастыруға қосқан үлесіміз.
Есте сақтаңыз:
Біздің мақсатымыз – саналы ұрпақ тәрбиелеп, адалдық пен білімді биік қою.
Түсіністікпен қарағандарыңыз үшін алғысымды білдіремін.
Құрметпен,
М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп директоры
Нұрдәулет Бейсенбайұлы