М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

М.Шаханов жалпы білім беретін мектек” КММ-де «Ұлт болашағы білім мен тәрбиеде » атты сынып жетекшілер айлығында ұйымдастырылып отырған, 1-10 сыныптар аралығында ата-аналар мен оқушылардың қатысуымен өтетін «Ән мен әнші» әуезді ән кеші өтті.

”М.Шаханов жалпы білім беретін мектек” КММ-де «Ұлт болашағы білім мен тәрбиеде » атты сынып жетекшілер айлығында ұйымдастырылып отырған, 1-10 сыныптар аралығында ата-аналар мен оқушылардың қатысуымен өтетін «Ән мен әнші» әуезді ән кеші өтті. Бұл ұйымдастырылып отырған ән кешіміз мектептегі тәрбиенің рөлін арттыру, талғам мәдениетін тәрбиелеу, интеллектуальды мәдениетті қалыптастыра отырып, ұстаз бен ата-ана арасындағы талғамдық құндылықтарға жету қабілеттерін қалыптастыру мақсатында болып табылады. Аталмыш жоба негізінде өз қабілеттерін белгілі бір шығармашылық салада байқап көре білетін, кәсіби деңгейі жоғары шығармашыл ата-аналарымыз бен дарынды оқушыларды анықтау, Қазақстандық тәрбие жүйесін дамытудың инновациялық идеяларын қолдау және дәріптеу, мектепте тәрбиенің мәртебесі мен маңызын арттыру мен тәрбие құндылығына мектеп ұжымының оң көзқарасын қалыптастыруды өз алдына міндет етіп қойып отыр. Репертуар еркін тақырыпта берілді және ата аналарды өз таңаған әндері мейірім мен өнеге , тәлім мен тәрбиеге бағытталды.Кешімізді мектеп директоры Н. Баубеков ашты, қатысушыларға сәттілік тіледі.Кешімізге ауылдық аурухананың бас дәрігері Адырбаева Тұрсынай құлпырған қос қыздарымен сахнадан табылса, Турдалиева Гулзия,Қорзбаева Майра т.б. аналар өз өнерлерін көрсете білді. Әкелерімізде қалыс қалмады , атап айтсақ Төлебай Қайрат, Байдалиев Қанат ағаларымыз өз қызғалтақтай қыздарымен ортада табылды. Кеш қатысушыларына сый-сыйяпаттар тапсырылды.Кештің соңында ата аналар мен көрермендер тарапынан қолдау , алғыс білдііріп, кешіміздің әсерлі деп жалғасын таба берсін деп ризашылығын білдірді.

https://www.facebook.com/100085444825794/videos/1374231497287296/

https://www.facebook.com/100085444825794/videos/1156195976093791/

https://www.facebook.com/100085444825794/videos/579481871625898/

https://www.facebook.com/100085444825794/videos/531158969282886/