Отырар аудандық білім бөлімінің басшылығымен "Мектептен-мектепке" бағдарламасы аясында өтілген
М. Шаханов мектебіне С. Құртаев мектебінен екі әріптесіміз келіп сабақ өтті.Аудандық білім бөлімінің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің әдіскері Ж. Қонтаеваның басшылығымен іске асырылып жатқан бастамамыздың
1-сабағын Абжалова Гүлшат апай 6-сыныппен "Абайдың бірінші, жетінші, отыз бірінші қарасөздерінің көркемдік сипаты" тақырыбында өтті, сабақта түстер арқылы топқа бөліп, түрлі әдістер арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырды, сабақ соңында қарасөздерінен тест тапсырмаларын алып бекітті, ұстаз түрлі тапсырмалар арқылы өз мақсатына жете білді.
2-сабақ Малдыбаева Айнагүл апайымыз 7-сыныпқа "Күй анасы—Дина" тақырыбын өтті
Домбыра аспабының маңызы мен қандай аңыз білетіндерін сұрап, хронологиялық кесте бойынша жаңа сабақты пысықтап алды, Айна ұстазымыздың талдауы керемет қой, оқушылармен етістіктің шақтарын, райларды қайталап, морфологиялық талдау жасатты, екі апайдың да сабақтары өте қызықты өтті, мақсаттарына жетті деп ойлаймын
https://www.facebook.com/100085444825794/videos/1637097053508910/