М. Шаханов атындағы ЖББМ "Шебер" әдіс бірлестігінің "Ұлы Жеңіске – 80 жыл" мерейтойына арналған көрмесі
2025 жылы еліміз Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осыған орай мектебімізде "Шебер" әдіс бірлестігінің ұйымдастыруымен кең ауқымды іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың тарихи санасын қалыптастыру, отан сүйгіштікке тәрбиелеу және қолөнер мен бейнелеу өнері арқылы Отанға деген сүйіспеншілігін жеткізу.
Іс-шара аясында оқушыларға "Жеңіс күні" тақырыбында сурет салу тапсырмасы берілді. Олар майдан көріністерін, батыр аталарымыздың ерлігін және Жеңіс күнінің қуанышын түрлі түстермен бейнелеп көрсетті. Әр суреттен балалардың ұлт тарихына деген құрметі мен әсерлі сезімдері байқалды.
Сонымен қатар, оқушылар қолданбалы өнер бұйымдарын жасап, көрмеге ұсынды. Ағаштан, матадан, қағаздан,түрлі материалдардан жасалған туындылардың әрқайсысы ерекше мағынаға ие болды. Жас шеберлер өз қолымен жасаған кәдесыйлар, гүл шоқтары, батырларға арналған естелік бұйымдар арқылы бейбіт өмірдің қадірін ұғындырды.
Көрме мектеп ішінде ұйымдастырылып, ата-аналар мен ұстаздар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Оқушылардың еңбектері жоғары бағаланып көрмеге қойылды.
Мұндай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ғана емес, олардың ел тарихына деген құрметін арттыруға да үлкен үлес қосады.https://www.facebook.com/share/v/1CZMthtGeg/