«М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 9-сынып жетекшілері Абсаматова М, Култаева К «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қызды тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» тақырыбында 28 қаңтар 2025ж күні ата-аналармен тақырыптық жиналыс өткізілді. Жиналыстың негізгі мақсаты: Ұл мен қыз тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтардың маңыздылығын түсіндіру, Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлін күшейту, Ұл мен қыз тәрбиесінің ерекшеліктері туралы пікір алмасу болатын.
Балаңды бес жасқа «М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 9-сынып жетекшілері Абсаматова М, Култаева К «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қызды тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» тақырыбында 28 қаңтар 2025ж күні ата-аналармен тақырыптық жиналыс өткізілді. Жиналыстың негізгі мақсаты: Ұл мен қыз тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтардың маңыздылығын түсіндіру, Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлін күшейту, Ұл мен қыз тәрбиесінің ерекшеліктері туралы пікір алмасу болатын.дейін хандай көтер,
Он бес жасқа дейін құлдай жұмса,
Он бестен ары онымен досыңдай ақылдас.
Жан кешкен баласы үшін, бағы үшінде,
Халқының, отбасының қамы үшін де.
Аналар – шексіз әлем, күннің нұры,
Тіршілік көзі жатыр әр ісінде
Тақырыптық ата-аналар жиналысы жаңа форматта, кочинг түрінде өткізілді.
Жиналыс барысында ата-аналарға түрлі сұрақтар қойылып, өз ойларын еркін жеткізуге жағдай жасалды.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев атап өткен «Қоғамға қауіпті бес кесел» туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бейне роликтар көрсетілді.
1. Нашақорлық (Химиялық заттарға әуестену)
2. Лудомания (ойын құмарлық)
3. Зорлық-зомбылық (әлсіздерге қүш көрсету)
4. Вандализм (Қирату, бұзу,ластау)
5. Ысырапшылдық
Жиналыс ортасында мектеп психологы А.Маханова Ата-аналардың көңілін көтеретін тренинг өткізді.
Ұл бала – болашақ ер азамат, отбасының тірегі, қоғамның алдыңғы қатарлы мүшесі. Оның тәрбиесі – жауапкершілік, әділеттілік, еңбекқорлық және өз елінің тарихына, дәстүрлеріне құрмет көрсету арқылы қалыптасады.
Қыз бала – ұлттың болашағы, қоғамдағы нәзіктік пен сұлулықты сақтаушы, үйдегі тыныштық пен берекені орнатушы. Оның тәрбиесі отбасында, қоғамда, мәдениетте ерекше орын алады.
Әр топқа әртүрлі тақырып беріліп, ата-аналар сол тақырыпты постер арқылы дәлелдеп, ортаға салып, талқылау жүргізді, келесі топтарға түсіндірді.
Ұл балаға қандай қасиеттерді дарыту маңызды?
Қыз балаға қандай құндылықтарды үйрету керек?
Қазіргі заманның оқушысы қандай?
Қорытындылай келе, Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі:
Бала тәрбиесіндегі алғашқы ұстаз – ата-ана. Ата-ана – бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Бала үшін үй ішінен ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуін қалайды. Ата-ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарының заңдылықтарын білуі шарт. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы-бақытты отбасы. Отбасы тәрбиесінде әкенің де, ананың да, орны бөлек.
Жиналыс соңында ата-аналардан кері байланыс алынып, жауапкершілік танытып келген ата-аналарға рахмет айтылып, «Бақытым балаларым» әні айтылды.
Дайындаған: Абсаматова М
Култаева К
https://www.facebook.com/100085444825794/videos/1169007591469829/
https://www.facebook.com/100085444825794/videos/1426403252070705/