М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында, 21 қараша күні Аудандық әжелер алқасының жұмыс жоспарына сәйкес "Ұлағатты әже-ұлт тірегі" тақырыбында іс -шара болып өтті.

"М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында, 21 қараша күні Аудандық әжелер алқасының жұмыс жоспарына сәйкес "Ұлағатты әже-ұлт тірегі" тақырыбында іс -шара болып өтті.
Мақсаты: Бабаларымыздан келе жатқан рухани дәстүрлерімізді, құндылықтарымызды насихаттау.

Міндеттері:
1: Озық салт-дәстүрлерді талдап түсіндіру, дәріптеу; 2. Ұлттың рухани құндылықтарын тәрбиенің негізгі өзегіне айналдыру; 3. Отбасы тәрбиесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету; 4. Әжелердің тәрбиедегі орнын айқындау.

Мектебімізде өтілген іс шараның ұйымдастырушысы, Ұйымдастырушы педагог Бактиярова Сауле апай болса, Ауданымыздан келген әжелер тобы: Аудандық әжелер алқасының төрайымы, Отырар ауданының құрметті азамсты, ардагер ұстаз Тұрлыбек Мейрамкүл Полатқызы,
Байжұман Қалдан Спабекқызы - ардагер ұстаз, Аудандық “Шуақты аналар” қоғамдық бірлестігінің төреайымы, Отырар ауданының құрметті азаматы,
Белгібай Мәрия Имансарықызы - Аудандық әжелер алқасының орынбасары, Отырар ауданының құрметті азаматы, ардагер ұстаз, Танашева Маржан Сұнақбайқызы- ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Отырар ауданының құрметті азаматы, ақ жаулықты әжелеріміз келсе, ауылымыздың алтын құрсақты әжелері Инабат әжеміз бастаған Карима әже, Хадиша әже, Қыздаркүл әже. Сонымен қатар әр отбасының ұйытқысы болған ардақты аналарымыз, алтын құрсақты апаларымыз бас қосып, жоғарғы сыныптың қыздарына ұлттық құндылыққа, тағылымы мол тәрбиеге толы бейне баяндар көрсетіліп, келешек ұрпақ рухани дәстүрлерімізді кірлетпей таза ұстауға шақырды. Келген қонақтардың айтылған әрбір құнды сөздері, келешек жас ұрпағымыз бойына сіңіреді деген ойдамыз.
Іс-шара барасында көңілді әндер шырқалып, ақ жаулықты әжелеріміздің ақ батасы берілді.

https://www.facebook.com/100085444825794/videos/586632490550515/ https://www.facebook.com/share/v/14yqmLj4rd/