М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 09.01.-31.01.2025ж күндер аралығында «Ұлт болашағы білім мен тәрбиеде» атты сынып жетекшілер айлығының іс-шара жоспарына сәйкес Кәсіби бағдар беру педагогы мен сынып жетек

«М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 09.01.-31.01.2025ж күндер аралығында «Ұлт болашағы білім мен тәрбиеде» атты сынып жетекшілер айлығының іс-шара жоспарына сәйкес Кәсіби бағдар беру педагогы мен сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен 15 қаңтар күні 9-10-11 сынып оқушыларына «Мамандықтың барлығы жақсы» тақырыбында мамандар мен студенттермен кездесу өтті.

Мақсаты:

Оқушыларды жоғары оқу орындарында белгілі бір мамандықта білім алып жатқан студент жастармен, белгілі мамандық иегерлерімен кездестіре отырып, пікір алысуға, болашақ мамандығын таңдауда жүйелі көзқарас қалыптастыруға, кәсіби мамандыққа деген қызығушылығын арттыруға, сол жолда тиянақты да, саналы білім алуға деген ұмтылысты оятуға бағыт беру.

Міндеті:

— мектеп бітіруші түлектерге кәсіби — шығармашылық тәрбие беру бағытында кәсіби шығармашылық танымын кеңейту;

— болашақ мамандығын дұрыс таңдай білуге бағыт — бағдар беру;

— белгілі бір еңбек, кәсіби іс — әрекет саласына еніп, нақты көзқарас қалыптастыруына көмек беру.

Ісім оң сын десеңіз,

Сол істің маманы болыңыз.

Даңқым шықсын десеңіз,

Көпшіліктің адамы болыңыз деп әлемнің екінші ұстазы атанған Әл-Фараби бабамыз айтқандай , кешіміздің құтты қонақтары, өз ісінің мамандары болып

Ауыл емханасының бас дәрігері Оразалиев Шәкен мырза

Ауыл әкімшілік маманы Дулатов Жанболат мырза

Ауыл балабақша әдіскері Төлен Айнұр ханым

М.Шаханов ЖББМ ұстазы, жас маман Назымбек Елнар ағайларымыз төрден орын алды. Сонымен қатар, мектеп бітіріп кеткен түлектеріміз, қазіргі студенттер: Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің студенті Әнуәрбек Еңлік, Е.Букетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің студенті Құрманқожа Әсел,

2023-2024 оқу жылының Алтын белгі иегері, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Ғылыми зерттеу университетінің студенті Жандарбек Ақниет, ХҚТУ-нің студенті Орынбасар Нұрлыхан, Көкшетау қаласындағы Ш.Уалиханов атындағы педагогикалық университетінің студенті Қаратай Балғынбек. Келген қонақтармен ой бөлісу, пікір алмасу «Менен сұрақ, Сенен жауап» айдары бойынша оқушылар өздерінің көкейде жүрген сұрақтарын қойса, келген қонақтарымыз болашақ студенттерге ақыл кеңестерін берді.

Мектеп бітіруші түлектердің және негізгі орта мектепті аяқтаушы оқушылардың осы студенттермен, мамандармен кездесу барысында тиянақты шешім қабылдауы, белгілі мамандық саласына таңдау жасауға септігін тигізеді деген ойдамыз.

Кәсіби бағдар беру педагогы: М.Абсаматова

https://www.facebook.com/100085444825794/videos/1121550039699991/