М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

“М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 03.02.2025-28.02.2025 ж күндері аралығында " Әлем математика, информатика тілінде" тақырыбындағы айлық іс- шара аясында 07.02.2025ж күні математика пәні мұғалімі Бақылбеко

"Үшбұрыш бұрыштарының қосындысы .Үшбұрыштың сыртқы бұрышы". ✅ “М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 03.02.2025-28.02.2025 ж күндері аралығында " Әлем математика, информатика тілінде" тақырыбындағы айлық іс- шара аясында 07.02.2025ж күні математика пәні мұғалімі Бақылбекова Гүлайхан 7" Ә" сынып оқушыларымен "Үшбұрыш бұрыштарының қосындысы. Ұшбұрыштың сыртқы бұрышы" тақырыбында ашық сабақ өтті. ✅ Мақсаты: үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы теорема мен оның салдарларын есептер шығаруда қолдану. ✅ Сабақ барысында "Шоколад " әдісі арқылы топқа бөліп, сыныпта жағымды атмосфералық ахуал туғызды , үй тапсырмасын " Сұрақ- жауап " әдісімен тексеріп, сабақтың мақсатына сәйкес тапсырмаларды "Сыни тұрғыдан ойлау", " Ой - қозғау", "Сәйкесін табу", әдістері арқылы топтық жұмыс, " Кім жылдам"әдісі арқылы жеке жұмыстар ұйымдастырды.Сабақ соңында "Баскетбол" әдісі арқылы оқушылар өзін -өзі бағалау жүргізді.Оқушылар тақырыпқа сай тапсырмаларды орындауда белсенділік таныта білді.