М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

“М . Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп”КММ -сі бүгін 06.02.2025 жылы Бастауыш сынып мұғалімі Мырзаш Лаура жетекшілік ететін 1"А"сыныбында "Ашық есік"күнін өткізді.

“М . Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп”КММ -сі бүгін 06.02.2025 жылы

Бастауыш сынып мұғалімі Мырзаш Лаура жетекшілік ететін 1"А"сыныбында "Ашық есік"күнін өткізді.

Мақсаты: Мектеп пен ата-аналардың арасындағы байланысты нығайту, білім алушылардың білім деңгейін көрсету.

Сол күнгі болатын сабақтарға ата-аналар,мектеп басшылары мен ұстаздар,жас мамандар қатысты.

Пән мұғалімі ана тілі және математика сабақтарын өтіп,сынып білім алушыларының жалпы білім,білік дағдыларын көрсетті.

Атап айтқанда,ана тілі сабағында "Бесік жыры" видеоролик арқылы тыңдалып,ауыз әдебиетіндегі "Бесік жырының" алатын орны ,ерекшелігі түсіндірілді.Сөздерді дұрыс тасымал жасауды үйреніп, жазба жұмыстары жүргізілді. Сабақ кезеңдерінде төрт дағды тиімді орындалды.

"Асық ойыны" әдісі, "Кім тапқыр" әдістері қолданылды, кері байланыс берілді.

https://www.facebook.com/100085444825794/videos/609030265390402/

https://www.facebook.com/100085444825794/videos/596114386620960/