Наурызнама: Жаңару күні
Наурыз – жаңару мен жасампаздықтың бастауы. Наурызнама онкүндігі аясында 19 наурыз – Жаңару күніне орай, “Таза Қазақстан” ауқымды акциясы ұйымдастырылды.
“М. Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-нің ұстаздары мен бітіруші түлектері білім ордасының ауласын көгалдандыру мақсатында көшеттер мен ағаш түптерін отырғызды. Бұл – табиғатқа жанашырлық пен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған игі іс.
Жасыл желек – келешекке қалдырған аманат. Оқушылар мен ұстаздар экологиялық мәдениетті тек сөзбен емес, нақты әрекетпен көрсетіп, табиғаттың жаңаруына өз үлестерін қосты.
Бір түп ағаш – бір өмірдің бастамасы. Жайқалған жасыл әлеміміз көбейе берсін!