“М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-нің “Дарын” үйірме бірлестігі “Шығармашылықтың шексіз әлемі” тақырыбында өтіліп жатқан айлық іс шара жоспарына сәйкес Үйірме жетекшісі Турабаева Улдана жетекшілігімен оқушылар үшін қызықты әрі танымдық зертханалық тәжірибелер ұйымдастырылды. Сабақ барысында оқушылар "Алақандағы от", "Су молекуласы", "Хамелеон" секілді тәжірибелерді өз қолдарымен жасап көрді.
Әр тәжірибе балалардың ғылыми қызығушылығын оятып, химиялық және физикалық құбылыстарды нақты түрде бақылауға мүмкіндік берді. Мысалы, «Алақандағы от» тәжірибесі арқылы жану мен газ қасиеттері таныстырылса, «Хамелеон» тәжірибесінде түстердің өзгеруін химиялық реакциялар арқылы байқады. Ал «Су молекуласы» арқылы заттардың өзгеру күйлері мен құрылымы түсіндірілді.
Бұл сабақ оқушылардың эксперименттік дағдыларын дамытып, ғылыми ойлау қабілетін арттыруға, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып жұмыс жасауға үйретті. Зертханалық жұмыстар өте әсерлі әрі есте қаларлықтай өтті.
https://www.facebook.com/100085444825794/videos/1372883417606052/





