М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

“М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-нің “Дарын” үйірме бірлестігі “Шығармашылықтың шексіз әлемі” тақырыбында өтіліп жатқан айлық іс шара жоспарына сәйкес 2025 жылдың 15 қазан күні “Сахна әлемі” үйірме жетекшісі Слан Күлайна апайдың ұйымдас

“М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-нің “Дарын” үйірме бірлестігі “Шығармашылықтың шексіз әлемі” тақырыбында өтіліп жатқан айлық іс шара жоспарына сәйкес 2025 жылдың 15 қазан күні “Сахна әлемі” үйірме жетекшісі Слан Күлайна апайдың ұйымдастыруымен «Қуыршақ театры – кішкентай актерлер мектебі” қимыл-қозғалыс икемділік» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақтың негізгі мақсаты – балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, қимыл-қозғалыс икемділігін арттыру және актерлік шеберліктерін қалыптастыру болды.

Сабақ барысында оқушылар қуыршақ кейіпкерлерін өз қолдарымен жасап, түрлі рөлдерді сомдады. Олар диалог құрастырып, мимика мен дауыс ырғағын пайдалана отырып, кішкентай сахналық көріністер көрсетті. Бұл жұмыс балалардың қиялы мен сөйлеу қабілетін арттырып, сахнада өзін еркін ұстауға үйретті.

Сабақ өте әсерлі, көңілді және тәрбиелік мәні зор болды. Қатысқан оқушылар белсенділік танытып, бір-біріне қолдау білдіріп, топпен жұмыс жасаудың маңызын ұғынды.

Ашық сабақ өз мақсатына толық жетіп, қатысқан ұзтастар жақсы пікір білдірді.

https://www.facebook.com/100085444825794/videos/833846758995202/