М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

“М. Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-нің "Ақпараттар әлемі" атты информатика үйірме жетекшісі: Д.Алимбетова оқушылармен «Киберқауіпсіздік – өмір талабы» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді. Аталған іс-шараның мақсаты – оқушыларға инте

“М. Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-нің "Ақпараттар әлемі" атты информатика үйірме жетекшісі: Д.Алимбетова оқушылармен «Киберқауіпсіздік – өмір талабы» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді.

Аталған іс-шараның мақсаты – оқушыларға интернеттегі қауіп-қатерлер туралы түсінік беру, киберқауіпсіздік негіздерімен таныстыру және жеке деректердің қауіпсіздігін сақтау жолдарын үйрету.

Түсіндіру барысында Д. Алимбетова кибербуллинг, фишинг, зиянды бағдарламалар, әлеуметтік желілердегі қауіптер және қауіпсіз құпиясөз құрастыру сияқты маңызды тақырыптарды қамтып, нақты мысалдар келтірді. Сонымен қатар, оқушылармен интерактивті сұрақ-жауап ұйымдастырылып, олардың бұл бағыттағы білімдері мен тәжірибелері талқыланды.

Шара соңында оқушылар өздерінің киберқауіпсіздік жайлы түсініктерін кеңейтіп, күнделікті өмірде интернетті қауіпсіз пайдалану бойынша пайдалы кеңестер алды.https://www.facebook.com/share/v/18pbVk4nQW/