«М. Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің 5-сынып оқушысы Құрманқожа Балбөбекті 27 сәуір күні Алматы қаласында “DARYNkz” ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған байқауда “Қолөнер” жанры бойынша І орын алғанымен құттықтаймыз!
Оқушының еңбегі жоғары бағаланып, жетекшісі — технология пәнінің мұғалімі Бейсеева Жайна Аубакировнамен бірге Дубай қаласына жолдама иеленді!
Жас дарынға шығармашылық табыс, ал ұстазына жаңа белестер тілейміз!
Әрқашан алда болыңдар!